Медицина мамандары құрманың мынадай пайдалы тұстарын айтады: адамдардың есте сақтау қабілетін күшейтеді, холестеринді төмендетеді, сәби миының дамуында маңызды рөл атқарады, қатерлі ісіктердің алдын алатын антиоксидантқа ие, мерез (ойық жара) және бүйрек жеткіліксіздігіне пайдалы, ас қорыту жүйесін реттейді.
Рамазан айында ауызашарда адамдардың сұранысына ие болатын құрманы мамандар негізінде жыл бойы пайдалануды ұсынады және оның пайдаларын бұдан да көп екенін айтуда. Құрманың құрамында ішектердегі А түрі болған тор қабықтарына айналатын 15,6 мг В-каротин бар.
Зерттеулер талшықты тағамдармен қоректенудің кеуде мен аналық бездегі қатерлі ісіктердің ықтималын азайтатынын анықтаған. Құрма жоғары қоректендіргіш құндылығымен қатар, антиоксидант ерекшелігіне ие екені жоғарыда айтылды. Осы антиоксиданттар қатерлі ісік, қан тамырларының бітелуі және қартаюдың алдын алуда пайдалы.
Ал құрма жемістерін салқын жерде сақтаған дұрыс ұсынылады. Сақтау орындарында суықта сақталған құрмаларда антиоксиданттардың тығыздығы арта түсетіні белгілі болған. Құрманың, әсіресе, ғасырымыздың дерті болған атеросклероз және холестеринге қарсы пайдасы орасан.
Бұл деректер құрманың орасан пайдалары туралы мәліметтердің бір ұштығы ғана.