Сұрақ: Ораза ұстаған адам дәретпен жүруі шарт па?
Жауап: Дәретпен жүру – сауапты іс, алайда оразада адамның дәретпен жүруі қажет деген шарт жоқ. Адамға дәрет алуы арнайы құлшылық жасайтын уақытта: намаз оқу, Құран оқу сияқты т.б. кездерде парыз саналмақ. Ал енді басқа уақыттарда дәретсіз жүруіне рұқсат.
Дәреттің оразаға қатысты жоқ. «Мен жерді дәретсіз баспаймын» деп дәретпен жүруді қалайтын адамның ықтияры өз еркінде: қаласа дәретпен, қаламаса дәретсіз жүреді.
Әдетте дәретсіз жүрмейтіндер – тақуалыққа бас ұрған жан немесе қолынан келгенше құдайшыл болуға ұмтылған адамның амалы. Өйткені үнемі дәретпен жүру – адамнан көп ерік пен жігерді және табандылықты талап етеді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ