Сұрақ: Ораза үшін арнайы ниет қажет пе?
Жауап: Адам кез келген амалға кіріспес бұрын соған ниет етеді, жоспар құрады. Дәл сол сияқты ораза ұстау үшін де ниет ету шарт. Ниетсіз ораза қабыл болмайды. Рамазан оразасында кешкі уақыттан бастап күн арқан бойы көтерілген уақытқа дейін ниет етуге рұқсат.
Рамаза айы жақындаған сайын адам «Құдай қаласа ораза ұстаймын» деп өзін соған дайындайды. Сол үшін ниет негізінде жүрекпен жасалады. Түнде, ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет қылған болмақ. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі.
Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе, одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адамның жүрегімен ниет етіп һәм оны тілімен: «Ниет еттім Рамазан айының ертеңгі оразасын ұстауға» деп бекітсе абзалырақ саналады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ