ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Шариғат шәлісі» рухани кеші өтті.
Шара барысында орамал тарихы айтылып, жаулық туралы монолог оқылып, көрініс қойылды. Орамалды насихаттау мақсатында 4 сән көрсетілімі өтті. Одан өзге викториналық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар «Орамалым – қорғаным» эссе байқауының жеңімпаздары жарияланып, І орынды Айгерім Есберген, ІІ орынды Махаббат Боранбаева мен Жанна Жұмабаева, ІІІ орынды Гүлназ Рахметова иеленді.
Рухани кешке өнер адамдары, ұстаздар, БАҚ өкілдері, «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері, Орал қаласынан келген блогерлер, психологтар мен кәсіпкерлер, әйел жамағаты қатысты. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі Жаңылай Килибаева мен актриса Жанна Сұлтанқұлова рухани кештен алған тебіренісі туралы айтып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.
Айта кетейік, игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жалғасын тауып келеді.