ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Талғат Искалиев Мұратұлы Орал орталық мешітінің ұстазы қызметін сақтай отырып, «Орал» медресе-колледжіне директор болып тағайындалды.
Білім ордасының жаңа басшысы Талғат Мұратұлын ұстаздар мен шәкірттерге ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы таныстырды.
Талғат Мұратұлы – Тасқала ауданының тумасы. Ақтау ауылдық мектебін ойдағыдай аяқтап, 2008 жылы Орал медресесін үздік тәмамдап, 2011-2014 жылдар алағында Нұр-Мүбарак университетін бітірді.
2014-2018 жылдар аралығында Тәжиден Батырұлы мешітінде наиб имам қызметін абыроймен атқарып, 2015- 2018 жылдары Орал медресесінде ұстаз болды.
2018-2022 жылдары Египет Араб республикасы Каир қаласы Айн Шамс университеті тамамдады.
2022 жылы Орал медресе-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін абыройлы атқарды.
Ақжайық өңірінде имам қызметін құрметпен атқарды. Талғат Мұратұлы өзі оқыған рухани оқу-ордасына директоры қызметіне құрметпен қарап, білім жолында да, еңбек жолында да көрген-түйгені мол жаңа басшы, медресе-колледж жұмысына серпін беріп, тың бастамаларға себепші Самат Қанатқалиұлына болатынына сенім білдірді.
Тағайындаудан кейін бас имам Самат Алибаев пен Медресе директоры Талғат Мұратұлы рухани білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен кездесті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бойынша баспасөз қызметі