Сұрақ: Әйел адамдар дәрет алғаннан кейін опа-далап немесе лак жағып, намаз оқыса бола ма?
Жауап: Дәрет пен бой дәреттің басты қағидалары – екеуінде де жуылуы парыз ағзаларды еш құрғақ жер қалдырмай жуу. Сондықтан жуылуы парыз болған ағзаларға опа-далап, лак немесе судың денеге тиюіне кедергі болатын кез келген нәрселер жағылса, дәреті мен бой дәреті қабыл емес. Дәрет немесе бой дәреттен бұрын тазаланып алулары керек. [Мәрғынани, әл-Хидае,1,12,16].
Қазіргі таңда көп намаз оқитындарға қарасақ тырнақта лақ, көзде кірпік, енді ниеттері дұрыс болса кім біледі қабыл болар