– Сен өз бала-шағаңмен қалай қарым-қатынас жасайсың?
Қызметші:
– Мен үйге кіргенімде, сөйлеп отырған адам үнсіз қалады. Қаталмын – дейді.
Мұны естіген Омар (р.а.):
– Олай болса сен қызметтен босадың! Өз отбасың мен бала-шағаңа қатыгез болсаң, онда Мұхаммедтің үмбетіне қалай рақымды болмақсың? – дейді.
Түйін: Расында ислам қаталдықты емес, жұмсақтықты, қатыгездікті емес, мейірімділікті насихаттайды. Қоғамдағы азаматтардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуын, отбасындағы ердің әйеліне, әкенің балаға, ананың қызға деген қамқорлығы мен махаббатын уағыздайды. Хазіреті Омардың айтып отырғаны да осы. Мұсылман адам өзгелерге қашанда рақымды, кешірімді. Сонымен қатар, ақыретімен бірге бұл дүниедегі отбасы ақысын да тиісті дәрежеде беруі керек. Дін қаттылықпен емес, көркем мінез, жұмсақтықпен тараған.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ.