Ғибратты әңгімелер

Бір сағаттық өмір

 

— Егер тағдыр адамға мәлім болып мына жарық дүниеде бір сағат қана өмірің қалды десе, не істер едіңіздер?. Мұндай күтпеген сұрақты естіген әлгі үш кісі ойланып былай деп жауап бере бастады:

Бірінші кісі:

— Егер солай бола қалған жағдайда мен бір сағат бойы тек намаз оқып, Алладан  жарылқау сұрар едім, — деп жауап беріпті. Осы сұрақты екінші кісіге қойғанда, ол:

— Бүкіл мал – мүлкімді кедей – кепшікке таратып сауап жинап қалар едім, — дейді. Ал, үшінші кісі:

— Мен алғашқы жарты сағатыма білім алып, қалған жарты сағатымда сол білімді басқаларға үйретер едім, — дейді.

Жауаптарды тыңдап болған соң әлгі ғалым оларға былай депті:

— Осы үш жауаптағы амалдың Алла Тағала үшін ең қайырлысы – соңғы кісінікі екен. Білім үйреніп оны елге тарату – әр мұсылманның парызы. Бірақ мұндағы білім деп отырғанымыз – пайдасыз мәліметтер жиынтығы емес, Алланы тану, тақуалықты арттыру және ақ пен қараны ажырату жолындағы ізденіс, деген екен.

 

Жалғас АСХАТҰЛЫ — дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close