Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өліге құран бағыштау мәселесіндегі кейбір қазақ ақын-жазушыларының шариғатқа негізделген ұстанымдары

06.03.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Асыл шариғатымыз бойынша өлген адамның артынан құран бағыштауға рұқсат етілген. Мейлі ол қабір басында оқылсын немесе үйде, басқа жерде оқылсын, айырмашылық жоқ. «Тек бағышталған кезде «бұл ісімді өлілерге арнаймын» деп ниет етуі керек. Ниетті тілмен айту шарт емес» дейді ғалымдар. [Қараңыз: Ибнуль Қайим Әл Джәузи, “Рух”, 202-бет. Мысыр. Каир. 2006 жыл]

Яғни, іштей «бұл ісімді өлілерге арнаймын» деп ойлап, ниет етіп, жүрекке бекітіп алып, кейін тілмен: «اللهم أوصل ثواب ما قرأنا لفلان» («Аллаһым, оқыған Құранымыздың сауабын пәленшеге тигізе гөр», – деген дұғамен сыйланатыны кітаптарда айтылған. [Қараңыз: Ибн Абидин, “Хашия” 2 том, 243 бет; Әл Әдәуи “Хәшия” 2 том, 555 бет; “Сираджуль Уәһһәдж” 1 том, 344 бет]

Қазақтардың «Құран бағыштаймыз» дейтіні содан. Сонымен, шариғат үкімін білдік. Ал әдебиет әлеміне көз жүгіртіп көрсек…

Абай хәкім не дейді?

Хәкім «Оныншы сөзінде»: «Біреулер құдайдан бала тілейді.  Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?». [Қараңыз: Абай. Екі томдық толық шығармалар жинағы, 2 том, 98 бет. Алматы, Жазушы. 2004 ж.]

Абай «балам орнымды бассын», «қартайғанда асырасын» деген түсініктерге тоқталады да, кейін: «Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің – балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?» – деп түсіндіреді.

Бұдан шығатын қорытынды, өлген адамның артынан құран бағыштау рұқсат амал екендігі.

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

Мұхтар Әуезов не дейді?

«Абай жолы» романында мынандай жолдар бар:

«Діндар жұрт Құранды зират басында, дастарқан үстінде, арнаулы сәтте, айт сияқты күндерде оқитын болса, Абай өз әжесін осы күнге шейін, осындай бір айқын есіне түсіп, қатты сағынып, жоқтап кеткен кездерінде осылайша әр кезде оқып жүретін.  Құран оқып, бет сипады». [Қараңыз, “Абай жолы”, “Оқапта”, 2 том 264 бет.]

Яғни, Құранды кез келген уақытта оқи беруге болады.

Төлен Әбдік не дейді?

Қазақ әдебиетінің проза жанрына «Парасат майданы», «Оң қол» атты әңгімелерімен қосылған Төлен Әбдіктің шығармаларымен жақсы таныспын. Соның ішінде «Таласбай» атты әңгімесі ерекше соны туынды.

Жазушы: «Таласбай бұрын ауылда мешіт ұстаған жан… Ел қиыншылық көріп жүрсе де, салт-дәстүріне жүрдім-бардым қара­майтын. Жаназа шығарылып жатқанда ыңылдап Құран оқитын. Надзирательдер мазақ қылатын. Бірақ Таласбай сөзін өткізіп, жаназа шығып жатқан жерге барып қырағат қылуға рұқсатын алады. Барып әдемі әуезді дауысымен қабір басында «Ясин» сүресін аяғына дейін оқып шығады. Жұрт тым-тырыс…

Таласбай Құран оқып отырып, көз жасын тыя алмады… Таласбай Құран оқып болған соң: «Осы дұғаны марқұм Иманбай ұлы Смайылдың аруағына бағыш­тадық. Жатқан жері жарық, иманы саламат болсын. Я, Ұлы Алла! Бұл дұғаны басқа да барша аруақтарға, пайғамбарлар мен сахабаларға, шейіттер мен әулиелерге, бізден Құраннан дәм етіп жүрген жан­дар­дың рухтарына бағыштадық. Мар­құмдардың жалғанда пендешілікпен жіберген қателіктері болса, кешірім жасап, қабір азабынан құт­қара гөр!» деп дұға етіп, бетін сипайды». [Қараңыз: Төлен Әбдік, “Парасат майданы”, Алматы. Раритет. 2012 жыл. 587-589 беттер]

Мені осы жерде қатты таңғалдырғаны: «Қорлыққа да, зорлыққа да ет үйренеді. Үйрене алмайтының – жүректі қыжылдатқан бір сағыныш. Құранның аяттарын, сүрелерін сағындым» деген Таласбайдың сөздері.

Мұзафар Әлімбаев не дейді?

Кеңес үкіметінің солақай саясаты жайлы ол кісі: «Өзгені быйлай қойғанда баламызды сүндетке отырғызуға ниет етсек те, бастауыш партия ұйымы бюросында «бұйраланып» шыға келуші едік қой онда… Зобалаңды заманның зорлық қылышы ерте қиған аяулы ағалар мен әкелерімізге ас бермек түгілі, бейіттеріне барып, дұға оқи алмай, құран шығарта да алмай, мысымыз құрыды емес пе?» – дейді. [Қараңыз: Мұзафар Әлімбаев, “Халық- ғажап тәлімгер”, 78 бет. Алматы 1994]

Иә, әңгіменің «әңгүдігі» осындай. Кеңес үкіметі халқымызды дінінен, ділінен, тілінен айыра жаздады. Дініміз ұмытылып кетуге аз-ақ қалды. Тек діни рәсімдерді «дәстүріміз» деп аман алып қалдық. Тіпті, ақын Фариза Оңғарсынова да Хазірет Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) өмірбаянымен шетел әдебиеттерінен оқып таныспас бұрын осы идеологияның құрбаны болды. Ол өзінің Пайғабарымыз (с.ғ.с.) бен өзге де ислам дініндегі аты әлемге әйгілі тұлғалардың есімдерін бұрынғылардың ертегілеріндегі батырлар деген сеніммен өмір сүріп келгенін мойындаған. [Қараңыз: Ф. Оңғарсынова. “Мұхаммед пайғамбар. Өмірі мен қызметі”, 8-9 беттер. Алматы 1991]. Кейін сол тақырыпта кітап жазып, «тәубесіне келеді».

Бұл тек бірен-саран ақын-жазушылардың шығармаларынан ғана үзінділер. Кеңес үкіметінің әсерінен зиялы қауым өкілдері дін туралы ашып жаза алмаса да, аракідік шығармаларынан ұшырасып қалады.

Нұрлыбек САБЫРҒАЛИЕВ,

Халқаралық Журналистер одағының мүшесі,

жас зерттеуші

Тегтер: Абайжазушықазақ ақындарыҚұранМұзафар ӘлімбаевМұхтар Әуезовөліге құран бағыштау
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қариларға өсиет
Ислам

Қариларға өсиет

13.03.2023
Малайзия Швецияға 20 мың Құран жібереді
Жаңалықтар

Малайзия Швецияға 20 мың Құран жібереді

09.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды

«Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    269 рет бөліскен
    Бөлісу 107 Твитерге 67
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5330 рет бөліскен
    Бөлісу 2132 Твитерге 1333

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00