Орта ғасырда өмір сүрген ағылшынның діндар, демограф ғалымы Томас Малтус: «Адамзаттың жоспарсыз көбеюі жер бетінде азық-түліктің тапшылығына әкеледі. Сан жағынан вертикальді өскенімен, горизантальды жағынан азық-түлік тапшылығы болады. Сондықтан адамзаттың өсуін шектеп отыру қажет», – деген теориясын ұсынады.
Сондай-ақ бір сөзінде: «Адам кедей болса, оны үйлендіру керек емес. Құдай оны кедей қылды. Кедей болса, үйленбесін, көбеймесін. Біз неге оған көмектесуіміз қажет?!» – дейді.
Осы пікіріне Елмалылы Хамди Йазыр деген уақыптанушы, Ислам ғалымы: «Егер байлар кедейлерге көмек бермей, оларды жоймақ ниетте болса, олар жойылмастан бұрын, байларды кедейлер жоқ қылады», – деп жауап берген екен.
Қазіргі 21 ғасырда осы теория қайта жаңғырып, «неомалтусизм» идеясы белең алғаны байқалады. Белгілі бір күштер дүниедегі адам санын миллиардқа дейін шектемесе, жер бетіне адам сыймай, азық-түлік тапшылығы болады деп жүр.
Осы мақсатта барлық қолынан келген әрекетін жасап, бүлік, соғыс, кедейшілік, жұқпалы ауру, т.б. таратуда.
Алайда, олар Алладан күшті емес.
Сол үшін адамзат баласы, шынайы түрде Алладан жәрдем сұрап, жамандықтың алдын алуға барынша тырысу қажет.
Жаратқан Иеміз Құран Кәрімде: «Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы», – деген. (Әл-Имран, 54)
Алла Тағала жаһилият кезінде арабтардың кейбір тайпасы, қыз сәбилерін асырудан қорқып, тірідей көму әдеттерін айыптап, Құран Кәрімде: «Бір де кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де қоректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік», – деп бұйырады. (Исра, 31)
Атам қазақ: «Бір сәби бала дүниеге келсе, бір қой егіз табады, бір сабақ шөп артық шығады», – деп, бүкіл ғаламдық мәселені бір-ақ ауыз сөзімен шешіп берген.
Тек адамзат осыны түсінсе ғой, шіркін…
Адамзатқа Алла жар болсын!
Қуат ҚАБДОЛДА