Бұл діни ағымды Мұхаммед бин Нусайр ән-Намири (өл. 833 ж) негізін қалады. Мәзһаб тарихшылары Нусайриліктің діни ұстанымы батыни* түсініктерден тұрғандықтан, бұл ағымды шиттердің ғулат тобына жатқызады. Жалпы, Нусаири ағымы құпия түрде (концпирация) жұмыс жүргізетіндіктен тарихы мен көзқарастары ұзақ уақыт жасырын сақталып келген.
Нусайриенің құрушысы Мұхаммед бин Нусайр шиттердің оныншы имамы Али ән-Накиді пайғамбар деп біледі. Мұхаммед бин Нусайр Али ән-Накиге бірқатар илаһи сипаттар беріп, оны илаһ деп, шариғат харам деген кейбір нәрселерді адал деп қабылдаған. Мұхаммед бин Нусайрден басқа Хусейн бин Хамдан әл-Хасиби Нусайриліктің негізін қалаушылардың бірі саналады. Әсілі, Нусайриліктің догмалық негіздері осы Хусейн бин Хамдан әл-Хасибидің кезінде қалыптасды. Жұртшылыққа мәзһаб ретінде оның кезінде танылды. Әл-Хасибидің он алты сүреден тұратын «Китабул-Мажму» атты кітабы Нусайриліктің киелі кітабы саналады.
Мәзһаб тарихшыларынң Нусайрилікті ғулат тобына жатқызуының көптеген себептері бар. Соның бірі Нусайрилер өлі дене де рух болады деп білді. Жебірейілдің ізгіліктің белгісі болып адам суретіне енегені секілді, шайтан мен жындар да жамандықтың белгісі ретінде адам бейнесіне ене алады. Бірақ, Нусайриліктің ең сорақылығы – Алла-Тағала кейбір адамдардың суретіне ене алады деген хулул түсінігі еді. Осы пікірінің негізінде олар Алла Елшісі (с.а.у) мен хз.Алиді және оның ұрпақтарын адамзат баласының ішіндегі үстемдікке ие ұлық иелері деп таныды. Тіпті, олар хз. Алиді илаһ деген кездері де болды.
Нусайрилердің Хз.Али де пайғамбарлыққа ортақ дейді. Осы пікірді Ысқақие деген ғулат тобыда жақтайды. Осы себептен де аш-Шахристани Нусайрилік пен Ысқақиені қатар атаған. Нусайрилік көзқарастарының қалыптасу негіздерінде Ислам діні тұрғанымен, олар шариғат құптамайтын тылсым түсінік пен болжамдарға да арқа сүйейді. Олардың «Китабул-Межмудан» басқа, «Нусайру» және «Китабу Бакуратыс-Сүлеймани фи Кашфи Эсрафид-Диянатин-Нусари» деп аталған кітаптары бар (Мұхаммед б. Абдулкерим аш-Шахристани. ал-Милал уан-Нихал).
Жалпы, Нусайрилік көзқарастарының негізін хз.Алиді тәңірге теңестіру мәселесі құрайды. Нусайрилік сенімі бойынша Алиді – тәңір деп, оған ғибадат жасалады. Ол туылмаған және тумаған. Өлмейтін мәңгілік. Оның тұп-тұқияны жұлдыздарға үстемдік ететін нұрдан тұрады. Тәңірлік заты жағынан жасырын. Али жер мен көктің жаратылуынан бұрын бар болған.
Тәңір болған Али Мұхаммедті өз нұрынан жаратқан. Али мағына, ал, Мұхаммед есім. Мұхаммед Салмани-Фарсыны жаратады. Нусайриліктің осы үш түсінігі христиан сеніміндегі «әке-бала-киелі рух» ұғымына ұқсайды.
Олар осы үштікті баб деп атайды. Салман бабтың жаратқан бес жетімнің мынандай міндеттері болды:
- Микдад б. әл-Әсуад; табиғат құбылыстары мен зілзала жұмыстарын жүргізеді.
- Әбу Зар әл-Ғифари; жұлдыздар жұмысын басқарады.
- Осман б. Мазум; рызық және ауру істерімен шұғылданады.
- Канбар б. Кадан ад-Даури; рухтарды денелерге ендіреді.
- Абдуллаһ б. Раваха; жанды нәрселердің өмірін басқарады.
Бұл бес тұлғаны түнгі аспанның бес жұлдызына балады. Бұлардан басқа өздеріне бес уақыт намаз ретінде берілген бес масум* бар. Олар Мұхаммед (бесін намазы), Фатима (екінті намазы), Хасан (намазшам нмазы), Хусейн (құптан намазы), Мухсин (таң намазы).
Нусайрилік сенім бойынша өлім жәнеқұлшылық жасауды тылсым жормалдарға негіздеді. Олардың намаз оқуы дұға жасаудан және Китабул-Межмудан бір-екі сөйлем оқудан тұрады. Намаз оқу үшін дәрет алмайды. Сондай-ақ, олар ораза, зекет, хажылық ғибадаттарын тәрк етеді.
Нусайриліктің ішкі құрылымы – үлкен шейх, шейх, нүваб және имамдар атты төрт иерархиядан тұрады. Жамағат жетекшісінің алдында Нусайрилікке мүше болғысы келген үміткер баптистердегі секілді ант ішеді. Осы себептен де мәзһаб тарихшылары Нусайриліктің қалыптасуына Иуда мен Христиандықтың ықпалы зор деп біледі.
Селжұқтар дәуірінде көтеріліс ұйымдастырған Нусайри топтары Х ғасырдан бастап Сирия мен оңтүстік Анатолияға орналаса бастады. Крестшілер, Исмайылдықтар және Елхан мемлекетінің қол астында өмір сүріп, кейін Осман империясына бағынышты болды. Нусайрилер Сафефи патшасы шах Исмайылге көмектескені үшін Чалдыран соғысынан кейін, Ябуз Сәлим сұлтан оларды қатаң жазалаған болатын (С.Хизметли. Мәзһабтар тарихы).
Бірінші Дүниежүзілік соғыстан соң Француз отаршылдарының қарамағында болған Нусайри ағымы уақыт өте келе Сирия мен Антакия аймақтарында автономиялы басқаруға қол жеткізді. Бірақ, 1940 жылдардан кейін Нусайрие автономиясы жойылды. Қәзір, Нусайри топтары Түркия және Ливия мемлекеттерінде кездеседі. Ал, Сириядағы билеуші Асад динацтиясы осы Нусайри өкілдері саналады. Жалпы, Нусайрилер өз ішінен Хайдари, Шимали, Килази, Ғайби секілді тармақтарға бөлінеді.