Жұма, 22 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
64
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

                          (Оң жақтан бірінші Жұбаныш Бәрібаев)

ХХ ғасыр басындағы Ресей империясында өмір сүріп жатқан мұсылмандар негізінен екі діни ұйымның төңірегінде топтасты. Бірі – Шура и-улама, екіншісі – Шура и-ислам болатын. Алғашқысын қадімшілдікті жақтаушы мұсылмандар құраса, кейінгісі жәдитшілдікті жақтаушы мұсылман ағартушылары мен қайраткерлері құрады.

Осы күнге дейін баспасөзде жәдитшіл ғұламалар мен қайраткерлер туралы көп айтылды. Алайда, оларға қарсы тұрып, дәстүрлі ислам құндылықтарын қызғыштай қорыған Шура и-улема ұйымы туралы некен-саяқ мәліметтер ұшырасады.

Шынтуайтында, Шура и-улеманың негізін қалаған біздің қандасымыз Сералы Лапин болатын. Ол Санкт-Петербор университетінің Шығыстану факультетінің түлегі еді. Оның бастамасымен қадімшілдер «Айқап» журналының маңайында топтасып, дәстүрлі ислам құндылықтары жөнінде ғылыми-танымдық мақалалар жариялады. Ресей империясында 1917 жылы Патша биліктен тайдырылғанда, Сералы Лапин бастаған Шура и-улема бастаған дін қайраткерлері Тәшкентте ресми түрде өз ұйымдарын құрды. Ақтар мен қызылдар, эсерлер мен большевиктер тартысында бейтарап ұстанымда болып, Түркістан мұсылмандарының мүддесін қорғауға атсалысты.

Түркістанда 1918 жылы коммунистер билікке келіп, олар дін еркіндігін жариялағанда, Шура и-улема мүшелері жаңа үкіметпен ымыраласуды жақтады. Сөйтіп Түркістан Республикасы үкіметінің құрамынан 1919 жылы Мұсылмандар бюросы құрылады. Бұл бюро негізінен жергілікті мұсылмандардың әлеуметтік (білім алу, денсаулық, жұмыспен қамту т.б.) мәселелерімен шұғылданды. Бюроның Түркістан Республикасы аймақтарында бөлімшелері құрылды.  Осы кезде Түркістан Республикасы құрамынан ашылған Мұсылман бюросының Жетісу губерниясындағы ресми өкілі болып Жұбаныш Бәрібаев сайланған еді.

Жұбаныш Бәрібаев – 1898 жылы 21 қазанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылында дүниеге келген. Жастайынан алғыр болып өскен ол он жеті жасында 1915 жылы Верный ер балалар гимназиясын бітіріп шығады. Он сегіз жасқа толғанда, Жетісу жерінде Патша үкіметінің июнь жарлығысына қарсы көтеріліс бұрқ ете қалады. Ол жас та болса, осы көтерілістің белсенділерінің бірі болады. Жетісу өңіріне қайраткерлігімен танылғандықтан, 1918 жылы Түркістан Республикасы атқару комитетінің мүшелігіне өтеді. Т.Рысқұловтың ықпалымен Нарын уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) әскери ревкомның төрағасы болады. Көп ұазамай 1919 жылы қызыл әскер қатарына алынып, Жетісуда ұлттық әскери бөлімдер ұйымдастыруға араласады. Осы жылдары Түркістан Республикасы құрамынан ашылған мұсылман коммунистерінің Жетісу облысы бюросы төралқасының хатшысы болып сайланады.

Жұбаныш Бәрібаев 1920 жылы Піспек уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) атқару комитетінің төрағасы, Түркістан коммунистік партиясының облыстық мұсылман бюросының осы уездегі өкілі қызметін атқарады. Түркістан Республикасы орталық атқару комитеті 1920 жылы Мұсылмандар бюросын жауып тастайды. Осыдан кейін Жұбаныш Бәрібаев Түркістан ОАК Жетісу облысы қазақ және қырғыз босқындарын орналастыру жөніндегі ерекше комиссияның төрағасы болады.

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

1921-23 жылдары Жетісу облысы РКП(б) комитетінің жауапты хатшысы және облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1924-26 жылдары Жетісу облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды. Ол өкпе ауруынан 1927 жылы наурыздың 15 күні қайтыс болады.

Негізінде, Жұбаныш Бәрібаев туралы мұрағатық деректер өте аз жарияланды. Ол жөнінде арнайы зерттеу жұмысы жасалса, оның мұсылмандар үшін атқарған еңбектері анықталып, тарихи тұлғасы жан-жақты ашыла түсер еді. Өкінішке қарай, бұл жауапты іс әлі дұрыс қолға алынбай келеді.

Мұхан ИСАХАН

Тегтер: басты тақырыпЖұбаныш БәрібаевМұхан Исахан
Бөлісу2Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын

20.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Діни сараптама бөлімі онлайн кездесу өткізді

Діни сараптама бөлімі онлайн кездесу өткізді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1492 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00