Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының халыққа ұсынылатын діни еңбектерді сүзгіден өткізуі тұрғындардың сапалы, сенімді мәлімет алуына және елдегі діни тұрақтылықты сақтауға септігін тигізіп келеді. Бұл процесс қалай жүргізіледі? Діни материалдарды сараптамадан өткізу үшін қандай талаптар қойылады? Осы және өзге де маңызды сауалдарға Дінтану сараптамасы бөлімінің басшысы Нұрғали Қабылов жауап берді.