Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында әнші, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановпен сұхбаттасты.
Бас мүфти өнер қайраткеріне мүфтияттың қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды жат діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру бағытындағы жұмыстары жайлы баяндап берді.
Өз кезегінде өнер қайраткері жастардың бойына патриоттық сезімді ұялатудың маңызын айрықша атап өтті. Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Жастар секторы бұл бағытта республикалық деңгейде игі іс-шараларға ұйытқы болып келе жатқанын жеткізді.
Кездесу соңында Нұрғали Нүсіпжанов Бас мүфтиге ізгі ниетін жеткізіп, халыққа қызмет ету жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.