Сенбі, 4 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нумерология – адамдарды алдап-арбайтын ілім

29.11.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
628
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда адамдар нумерологияның сиқырлы сандарына қатты сенетін болып алған. Себебі болашағын алдын ала болжап білу жүректеріне сенім ұялататындай. Сол арқылы жеңіл өмір сүреміз деп ойлайды.  Бірақ ондай әрекетті шариғат заңдылықтары қаншалықты құптайтыны және ғылымда дәлелденгені қызықтырмайды.

Ислам сенімі бойынша өмірдегі барлық өзгерістер тек қана Алла Тағаланың қалауымен ғана жүзеге асады. Сондай-ақ тағдырды, болашақты Алладан басқа ешкім білмейді.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Нумерология ілімі толық сиқырға жатпаса да оның сандарға негізделгені сиқырмен байланысы бар екенін айтады.

«Нумерология және соған ұқсас басқа да тылсым күштермен айналысуға, соларға жүгінуге шариғатымыз қатаң түрде тыйым салған. Себебі оның дүние тіршілігіміз үшін де, ақыреттегі жағдайымыз үшін де ешбір пайдасы жоқ. Оған уақыт бөлу – бос әурешілік. Сонымен қатар, сандар болжамына сеніп, Алланың құдыретіне, тағдырына шек келтіру үлкен күнә саналады» дейді ол.

Алланың нығметтеріне шүкіршілік етпеудің салдары қандай?

Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет

03.07.2026
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.07.2026

Бұл жайында «Ағраф» сүресінің 188-аятында: «(Ей, Мұхаммед) оларға: «Мен, Алла қаламайынша, өз-өзіме титтей де пайда келтіре алмаймын, сондай-ақ өзіме келетін зиянның да бетін қайтара алмаймын. Егер ғайыпты (болашақты) білетін болсам (еш уақытта шығынға ұшырмай) әрдайым мол табысқа кенеліп отырар едім һәм (алдағы қауіп-қатерден алдын ала сақтанар едім де) басыма ешқандай жамандық та, бәле-жала да келмес еді», – делінген.

Ал ғалымдардың зерттеуінше, қандай да бір сан адамның тағдырына еш әсер етпейді. 1993 жылы Ұлыбританияда, 2012 жылы Израилде жүргізілген эксперименттер нумерологияның ғылым емес екенін дәлелдеді. Соңғы сынаққа тіпті кәсіби нумеролог пен 200-дей адам қатысқан, алайда ешқандай сәйкестік табылмаған да, анықталмаған да.

Бұл ретте атақты мұсылман ойшылы Ибн Халдун сандармен қандай да бір болжам жасау туралы: «Бұның барлығы қате тұжырымдар ғана. Олар (нумерологтар) бұл әдісті ой-санасы толық жетілмегендерді алдап-арбау үшін қолданады», – деген.

Ол «Мұқаддима» еңбегінде сиқыршылардың жын-шайтанның күшіне жүгінетінін баяндаған. Ол сиқыршыларды бірнеше түрге бөледі. Бірі – тек өз күшіне сүйенетіндер, екіншісі – жұлдыздарды немесе сандарды пайдаланатындар. Бірақ біріншісінің дәрежесі жоғары екенін айтқан.

Хасан Аманқұлдың айтуынша, тарихта аталған іліммен айналысқан кейбір шейіттік және шектен шыққан сопылық бағыттар жайында келген. «Муқаддима» кітабында мұның жоғарыдағы топтардың ғайыпқа қол жеткізуге құштарлығынан пайда болғаны айтылады.

Бұл жөнінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кімде-кім балгерге, сиқыршыға, не сәуегейге барып бір нәрсе сұрап, оның айтқандарын растаса, онда ол Мұхаммедке түскен нәрсеге күпірлік еткен болады», – деген.

Сондықтан болашағынды болжауға, оны алдын ала білуге ұмтылмаған абзал. Оны Алладан басқа ешкім білмейді. Оған асыл дініміз түбегейлі қарсы. Тіпті ғылымда да дәлелденбеген.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Ислам дінінумерология
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ал сіз әлемге не бердіңіз?
Сұрақ-жауап

Исламда өмірдің қадірі мен мәні жайлы не айтылған?

01.07.2026
Алтын Орда тұсындағы Ислам діні
Ислам

Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

10.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ-қырғыз бауырластығына күрес әлемінен 3 мысал

Толеранттылықтың қазақстандық үлгісі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір уыс топырақ

    Бір уыс топырақ

    68
  • Діни экстремизм дегеніміз не?

    16
  • Ақтөбе облысы: Байқауға дайындық барысын пысықтады

    15
  • Исламда өмірдің қадірі мен мәні жайлы не айтылған?

    11
  • ТМД-да теңдесі жоқ университет

    11

Соңғы жарияланымдар

Алланың нығметтеріне шүкіршілік етпеудің салдары қандай?
Ислам

Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет

03.07.2026
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.07.2026
Еліміздегі ең көп кітап оқитын өңірлер
Инфографика

Еліміздегі ең көп кітап оқитын өңірлер

03.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00