Әл-Азхар Исламтану академиясының Бас хатшысы Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд діндер съезі Хатшылығының отырысында дінаралық үнқатысуды арттыру – жыл сайын емес, тіпті сағат сайын талқылануы тиіс тақырып екенін айтты.
– Қазіргі күні мұның маңызы аса зор. Өйткені бүгінде қазір әлем қару мен күштің қолдынулымен жасалып жатқан ауырпалықтарды бастан кешіп отыр. Әлем қазір даналықтың дауысына мұқтаж. Сол арқылы әлем өзінің табиғи қалпына, ақиқат жолына келеді деп ойлаймын. Бұл дауыс Құдайдың сөзі және қағидалары арқылы келеді. Ол зорлық-зомбылық көргендер үшін ең әділетті дауыс болады, – деді ол.
Сондай-ақ ол осы кездесуді ұйымдастырған Қазақстан басшылығына алғысын жеткізді.