Құран кәрімде «Инсан» сүресі, 7-аятта мұсылмандар туралы: «Олар нәзірлерін орындайды және жамандығы шашырайтын күннен қорқады», – делінген. Нәзірді орындаудың үкімі – уәжіп. Пайғамбарымыз да (с.а.с.) бір хадисінде:«Кім Аллаһқа бағынуға нәзір берсе, Оған бағынсын!..», – деген (Бухари, Сахих). Дегенмен, берілген уәде нәзір болып саналуы үшін мынандай шарттар қойылады: 1) Нәзір ретінде орындалатын нәрсе намаз, ораза, қажылық секілді құлшылық түрінен болуы керек; 2) Орындаушының шамасы жететін амал болуы керек.
Нәзірдің төмендегідей түрлері бар:
1. Еркін нәзір. Бұл – «Раббым үшін умра жасаймын» немесе «Раббым үшін бір күн ораза ұстаймын» деген сертпен кез келген уақытта және кез келген жерде орындалуы уәжіп болған нәзір.
2. Тәуелді нәзір. Бұл нәзірдің орындалуы үшін алдымен уәдеде айтылған шарттың орындалуы қажет. Яғни шартқа тәуелді болғандықтан оны тәуелді нәзір деп атайды. Мысалы: «Балам науқасынан құлан таза айықса, он күн ораза ұстаймын» немесе «Балам әскерден аман-есен келсе, бір қойды құрбандыққа шаламын» деген секілді сертпен берілген нәзірдің орындалуы аталған жағдайлардың жүзеге асуына байланысты. Яғни, бірінші нәзірде серт берген кісі нәзірін орындауы үшін баласының науқасынан айығуы керек. Ал екінші кісі үшін баласының әскерден аман-есен оралуы қажет. Осы шарттар орындалғанда оларға нәзірді жүзеге асыру уәжіп болады.
Яғни, нәзірді соған серт еткендер орындайды.
Ассаламуалейкум. Егер нәзірді бұзса , ақысын қалай өтеу керек?
Уағалайкүмассалам уа рахметулла уәл баракат!
Адамдар жалпы – мүмкіндігінше әрқашан – берген анттары мен уәделерін қорғауы, яғни, міндетті түрде атқаруы керек. Антты беталды қабылдай беруді әдетке айналдыру дұрыс болмайды. Себебі, адам антын орындай алмаса – бұл күнә.
Уәдені орындау жайлы Құран мына сүре аяттарда былай дейді:
5– «Мәида» сүресі, 1– аят: «Уәделеріңді орындаңдар!».
7– «Ағраф» сүресі, 102 – аят (Алланың қаһарына ұшыраған қауымдар туралы аят): «Олардың көбін уәдеде таппадық. Әрі олардың көбін мүлде бұзық көрдік.»
22– «Хаж» сүресі, 30 – аят: «Міне осы, кім АЛЛАның ардақтағандарын жоғары бағаласа, сонда оған Раббыларыңның қасында хайырлы. Сендерге арамдығы білдірілгеннен басқа малдар халал қылынды. Ал енді нәжіс бұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар» . Жаратқан Құдай бұл аяттың соңғы сөйлемін айтқанда «орындалмайтын уәде беруден, өтірікті шын деп ант ішуден де сақтаныңдар» деп тұр.
61 – «Саф» сүресі, 2– және 3– аят: «Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алла қасында зор ашуға себеп болады.»
Кейде адам ашуланып тұрып өзге адамға қатысты аузынан ол өзге адамға (мысалы, туысына) зиян етуді мақсат еткен, әдліетсіз әрі асыра сілтер қиянатты іс істеу жайлы уәде шығып кетуі мүмкін. Адам сабырға келгеннен соң, мінезін дұрыс бағытқа бұрып, әділетсіз әрі қиянатты уәдесін орындаудан бас тартуы қажет қой.
Жоғарыдағы мақалада, адамның бұзған антының не уәдесінің өтемі не деген мағынадағы сауал қойылған. Ол Құранда айтылған:
5– «Мәида» сүресі, 89 – аят: «АЛЛА адам анттарындағы бос сөздерді есепке алмайды. Алайда, біле тұра қабылдаған анттарыңнан жауапкер етеді. (Антын адам бұзса,) оның төлеуі (келесідей): адамның өз отбасы мүшелері жейтін (ас мөлшері бойынша) орта есеппен 10 өте кедей, қайыршы адамдарды тамақтандыру, не оларды киіндіру, не 1 құл азат ету. Бұны таппаған біреу, 3 күн ораза ұстайды. Бұзған анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар. АЛЛА сендерге аяттарын осылайша түсіндіреді, шүкірлік етерсіңдер.»
Дегенмен мынаны білу маңызды: «өтем төлей салуға болады екен ғой» деп, орындалмайтын уәде беру мен орындалмайтын анттар қабылдауға әдеттену адам руханиятын әлсіретіп, оны күнәға батырады (өмірдегі жолын ауырлатады).
Яғни, адам аузынан не шығатынына өзі бақылау қойып үйренуі қажет. Бұл рухи жоғары жетістіктерге жету жолындағы рухани оқу-жаттығудың әрі рухи тәртіптің бір шарты. Осы арқылы адам өз ойына бақылау қойып үйренеді – себебі, сөз төменгі (нақты) ой әлемдерінен бастау алатын тербеліс (адамның өз ойына өзі бақылау қойып үйренуінің ең мықты жолының бірі – ол, әрине, медитация. Мұсылмандар мұны тәфәккур не сопы медитациясы дейді. Мұхаммед пайғамбардың ғ.с. бір сағат медитацияның 70 жыл бойғы ғибадатқа татитын еңбек екенін айтып кеткені тегін емес…) Адам ойға алғанын сәтті іске асыра алуы үшін ол ойының шындыққа айналуы жолында тұрған бөгеттерді еңсере білуі керек. Ал іске асырылмай, өтірік берілген уәделер мен анттар адам ойының шындыққа айналуы жолында тұратын бөгеттерді жасайтын тербелістерге айналады (Себебі, ауыздан шыққан әр сөз өмір шындығына айналуға ұмтылатын тербеліс болып табылады).
Ой да осы тәріздес. Адам не болса соны ойлай бермеуі керек. Ал өйту үшін өз ойыңды ырқында ұстау өнерін меңгеруің қажет…
Айтылғанның бәрі адамның Рухи әлемімен әрі жалпы Рух әлемдерімен байланысты. Мұны тереңірек түсіну үшін төменде келтірілген тиісті әлем жайлы әңгімені жалғастырайық.
РУХ ӘЛЕМДЕРІ
(Жалғасы. Басы мына сілтемедегі мақала астындағы Нұр атты аутор комментарийінде: https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540)
6. Эголық топтар
…Адамдар тіршілікте, өмірде өз сабақтарын топтық қарым-қатынастарға түсу арқылы алады. Адамдар демек, кармалық топтарға мүше болып табылады, яғни көптеген адамдардың өз кармалық ортасы, кармалық отбасы болады.
…Лемурия заманында адамдар Эгоға ие болған кезде (бұл оқиға даралану не индивидуализация оқиғасы деп аталған) Эголар туыстық топтарға бөлінген деген де болжам бар (Сонда, кей Эголардың сыңары болуы да мүмкін
бе?).
…Жалпы, магнит және электр заңдары бүкіл ғарыштағы өмірді ұйымдастыратын түбірлік заңдар боп саналады…
Эгоның (адам жанының) түпкі мақсаты – тағдырға тәуелділіктен, яғни «туу – өлу – қайта туу» дөңгелегінен біржола құтылу, ажалсыздыққа жету, Жер мектебіндегі сыныптар дәрістерін тамамдап, жоғары мектептердегі дәрістер алуға көшу…
Күн Жүйесінде Жер мектебінен өзге де мектептер – өмір сүру орталары (планетарлық схемалар) бар… Ол мектептерде ондағы (ол ғаламшарларда өмір сүріп жатқан) парасат иелері жоғарырақ рухи даму ілімін алып, сәйкес өмір тәжірибесін жинақтайды.
…Жоғарғы Мен – яғни Эго – төменгі адамды (яғни, кәдімгі адамды, өзімізді) рухани дамуға бағыттап өмірде әр-түрлі оқиғаларға ұшыратып отырады. Яғни, әр адамның (жоғарғы) Эгосы (яғни, жаны) оның өзін (төменгі эгосын) тәрбиелейді.
Бұны қарапайым адам (яғни, төменгі эго немесе күнделікті өмірден өзімізге таныс біздер) көп жағдайда біле бермейді. Эго осындай адамның рухани ары қарай дамуына себепкер болар жайттарды – мысалы рухани әдебиетке көңіл аудару т.б. алдын-ала жоспарлап соған киліктіреді. Эго үшін ең басты мақсат – Рухани даму және төменгі 3 (физикалық, астрал, ментал) план эволюциясын уақытында аяқтап, Монадамен (Рухпен) бірігу…
Адам тәрбиеленуінің негізінен Жерде 2 жолы белгілі – ерікті және еріксіз. Бұл рухани дамуға да байланысты ақиқат. Әуелгі жолды таңдағандар – оны көбіне қарт, тәжірибелі Эголар таңдайды – сыртқы (материалистік) әлем
қызықтарының құлына айналмай, алғы орынға рухани қазыналарды қойып, негізінен осы соңғы үшін күреседі. Әрине, материалдық құндылықтардың да өмірде өз лайықты орыны бар, алайда бұлар рухани мақсаттарға жету құралы ғана…
Еріксіз тәрбиелеу әдісін Эго уақыты жетсе де рухани өмірге көңіл қойғысы келмейтін, өз Жанының үнсіз ықпалына бей-жай қарайтын төменгі өткізгіш (бұл төменгі өткізгіш – кәдімгі адам, Жан киімі, тұлға) санасының жетілуін үдету (шапшаңдату) үшін қолданады.
Сыртқы өмір қызықтарына армансыз толық беріліп, өз Иесінің (Эгосының яғни, жанының) рухи талаптарына, жүрегінің үнсіз дауысына құлақ аспайтындарды өмірде өкініш пен азап оқытады. Мұндай ащы ахуалға адамды түсіруді оның Эгосы әдейі ұйымдастырып отырады – материалдық әлемдер қызығының бәрі өтпелі, соңы бар; нағыз мақсат (бұл материалдық әлемдегі керек дәрістерді аяқтап) рухани әлемдерге оралу екенін түсіндіру не есіне түсіру үшін.
…Төменгі 3 әлемге қайшылықтар парлары қасиеті тән. Яғни мұнда әр құбылыс өз қайшылығымен қатар өмір сүреді: қуаныш-қайғы; туу-өлу; сау-ауру; бақыт-бақытсыздық; бай-кедей; мұңсыз-мұқтаж; жас-кәрі; ер-әйел;
күн-түн т.б.
Бұл қайшылықтар бір-бірінен ажырағысыз, бір-бірінсіз жүрмейді әрі біреуі таусылады да міндетті түрде екіншісін әкеледі (Бұл өмірді кейде «О, опасыз жалған!» – дейтіні содан ба екен). Тек рухани пландарда ғана қарама – қарсылықтар толық бірігіп, біртұтастанады. Олар әуелден солай, тұтастық – олардың шын табиғаты. Тек төменгі 3 әлемде адам санасы – бөлінген (бөлуші, бөліп көруші) сана боп табылады. Рухи әлемдерде мысалы, қуаныш/қайғы (бақыт/бақытсыздық) жойылып, мәңгілік разылыққа; білу/білмеу – Рухи даналыққа; туу/өлу – бақи тірлікке орын береді т. б.
…Сондықтан адам өз Эгосының түп мақсатын естен шығармай, өзін онымен толық та біржолата біріктіруге, соның істе дегенін істеуге ұмтылуы тиіс. Міне – нағыз бақыттың құпия кілті.
Әңгіме арасында, жоғарғы екпінмен рухи шарықтаған кей аяулы Ұстаздар есіңе оралады. Олар Құдай патшалығынан, Иерархиядан адамзатқа жария келген өкілдері еді. Мұндай өкіл тағдыры көбіне ауыр боп келген. Мәселен, Нұх ғ.с., Иса ғ.с., Мұса ғ.с. мен Мұхаммед ғ.с. пайғамбарлар және өзге де бірқатар рухани Ұстаздар есуас, бүлікшіл-көтерілісші, сиқыршы, алаяқ, дінбүзар т.б. деп айыпталып қудаланды. Олардың кейбірі азапты өліммен өлтірілді, кейбірі отанынан жат жерлерге – мыс., Нұх ғ.с., Мұса ғ.с. мен Мұхаммед ғ.с. – қоныс аударып, қашуға мәжбүр болды (Мұхаммед ғ.с.- ның өстіп Меккеден Мединеге қоныс аударған жылынан (хижра) мұсылман жыл санауы басталады…)… Алайда аталған Рухи Жетекшілер рухи күресінің соңында ажалсыздық құқына ие болса, оларға жауыққан материалист қауымдар ақыр-соңында күл-парша боп жойылды…
Жалпы, Иерархияға саналы түрде бірнеше рет қарсы шыққан адам не адамдардың кез-келген ұйымы өздеріне-өздері өмірде үлкен бөгеттер жасап алады. Бұл қорқыту емес. Бұл – мәңгілік ғылымға негізделген
түпкі даналықтан бастау алатын, кемел мейірімге толы кеңес – қолдау…
Бүгінде әлемде Иерархия мен адамзат арасындағы байланыстырғыш көпір боп табылатын Ғалами Қызметкерлердің Жаңа Тобы қалыптасуда. Бұлар қоғам тірлігінің барша саласында қызмет ететін адамзаттың рухани көшбасшылары боп табылады. Бұлардың өкілдері көптеген елдерде бар…
Рухи ізденіс жолындағы адам осындай жолға талпынушыларды тауып, оларға қолдау білдіруі тиіс…
…Рухи даму 3 нәрсе арқылы болады – рухи болмыс пен рух заттары жайлы ой жүгірту (медитация, мұсылмандар мұны тәфәккур не сопы медитациясы дейді), ілім алу (рухи білім жию), қызмет ету (отбасыңа, кәсіби ортаңа, адамзатқа)…
Болашақ Ғаламдық Құтқарушының келуі – барша рухани (өсу) жолындағы жандардың, бүкіл адамзаттың (саналы немесе санасыз болсын бәрібір) көптен күтіп келе жатқан қажеттігі боп табылады. Ол Құтқарушы жайлы
барша ғалами діндерде айтылған: мұсылмандар оны – ажалсыз, жасырын имам Махди (Мәди не Мәді не Мәделхан) ғ.с. немесе қиямет (кезінде келетін соңғы пайғамбар) Қайым; христиандар – оралатын Христос; индуистер – келешек Аватара; буддистер – Боддхисатва не келер Будда; иудаистер не ебрейлер – Мошиах (Мессия) ,т.б. деп күтуде.
Иисус (не Иса ғ.с.) пен Христос – екеуі екі бөлек Рух. Иисус (не Иса ғ.с.) – христианизм негізін салушы болса (кейінірек – Ғалами Ұстаз), христиандар Христос (ежелгі грекше – «Құдайдың ақ батасын алған») дейтін Рух –
барша ғаламдық діндер мен рухани Ұстаздардың жетекшісі (соның ішінде Иса ғ.с. – ың да). Оны буддистер – Майтрея, үнділер – Вишну, мұсылмандар – Имам Мәди дейтіні жөнінде жоғарыда айтылды… Иса ғ.с.-ны Иисус Христос дейтіні, Иса өз уағызын жария еткенде Мәди оған дарып (бақ-құт не Рух боп қонып), Мұхаммед ғ.с.- ға уахи жеткізген Жебірейіл періште тәрізді аян беріп тұрған…
Имам Мәди («көрінбейтін, көмес Имам») – бір Ислам дінінің ғана емес, барша рухани ұмтылушылардың Ұстазы; барша әлемдік діндер мен эзотериялық (батни яғни, жасырын, ішкі рухи ілімдерді уағыздайтын)
мектептердің әуелгі демберушісі; Иерархияның Көшбасшысы.
Имам Мәди (не Мәделі, не Мәделхан) рухи эволюция бойынша адамзаттың ең озық келе жатқан өкілі боп саналады. Адамдар арасынан 9 – Ағарту үшін арпалысу – яғни Жердегі бүкіл тіршілік үшін осынша ең терең
де ең биік деңгейде рухи курес жүргізу тек Имам Мәди мен оның кей ең жақын шәкірттерінің қолынан ғана келер іс боп тұр әлі де. …Мәдиге оның рухи ағалары боп саналатын, бұдан жоғары әрі әлдеқайда жоғары Ағаруларды игерген Асқақ Рухтар дем беруде… Өйткені, Бауырластық Заңы – ол аясы бүкіл Шектеусіз Ғарышты сыйдыратын Ұлы заң боп саналады…
Ол Асқақ Рухтар өмірлерінің тұңғиық сырлылығы мен беймәлімдігі сонша, Ол туралы Иерархия Ұстаздарының еңбектерінің өзінде тек сирек түрде алыстан меңзеледі.
…Мәселен, эзотеристерге Гермес Трисмегист (яғни Үш Есе Ұлы Гермес, мұсылмандар оны Хармис дейді) есімі таныс. Гермес Трисмегист – заманалардың басында барша эзотериялық даналық пен ғылымдардың бастапқы негізін қалаған адам боп есептеледі…
Мұсылмандарда, сондай-ақ, (өмірі соңында өлмей, Алла Тағала оны ғайыптағы ғарыш әлемдеріне алып кетті делінетін) Ыдырыс ғ.с. пайғамбар туралы аңыз бар…
Тағы бір Асқақ Рухтың бас мейрамы – ол мамыр (май) айындағы айтолысу кезіне дөп келеді. Осы толық ай туатын сәт пен түн (не айтолсатын күндізгі сәт) – кез-келген рухи даму жолындағы адам үшін 1 жылда 1-ақ рет келетін ең жоғарғы рухи шабыт алу кезеңі (ең жоғарғы рухи мүмкіндік сәті) боп саналады. Бұл тәулікте 24 сағат бойы үздіксіз сөзораза ұстап (толық сөзден әрі тағамнан тиылып) тек рухи тақырыптар мен пландарға іштей шоғырлану ұтымды деп қарастырылады…
Жыл 12 айдың әр айындағы айтолысу кезеңі – (Рухи) Ұстаздардан (яғни, Иерархия Ұстаздарынан, Ғалами Ұстаздардан) рухи шабыт алып, олармен байланысу үшін ең қолайлы уақыт боп есептеледі. Солардың үшеуі
– сәуірдегі, мамырдағы, маусымдағы айтолысулар – басты мейрамдар. Мамырдағы айтолысу – ең түбірлі рухи мейрам. Бұнда Жоғары бір Асқақ Рух ғ.с. өз рухи энергиясын адамизатқа бағыттайды. Маусым айтолуы –
Имам Мәди мейрамы боп саналады.
Жалпы айтолуда не ай жаңа туған кезде бір тәулікке сөз бен тағамнан тиылу әрі рухи пландарға ойша шоғырлану адамның интуициясын жетілдіреді. Біздің нәсілдің басты сапасы – ол нақты ақыл–ой болса, жетілген
интуиция Жан патшалығының, сондай-ақ келесі 6-нәсілдің басты қасиеті боларын ұмытпайық. Жерде қазіргі адамзаттан өсіп-өрбитін ол 6-нәсіл шамамен енді 10 миллион жылдан кейін Жер бетінде орнығуы тиіс…
(Жалғасы бар.)
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтемені ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540
https://kazislam.kz/rukh-degen-ne-ol-turaly-tolyk-zhaz-an-kitap-tappaj-zh-rmin-islamda-rukh-turaly-ne-ajtady/
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/
https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/
Нұр атты автор еңбектерін тереңірек түсіну үшін келесі сілтемені ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/islamny-5-paryzy-ibrahimni-a-s-5-kazynasy/#comment-12368
https://kazislam.kz/nazir-degenimiz-ne-ony-barlyk-adam-oryndauy-kazhet-pe/?unapproved=11863&moderation-hash=d007cb72239eda20594bc9b7a9f5908b#comment-11863
https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540
https://kazislam.kz/rukh-degen-ne-ol-turaly-tolyk-zhaz-an-kitap-tappaj-zh-rmin-islamda-rukh-turaly-ne-ajtady/
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/
https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/
НҰР КІТАБЫ: 1 – том. «Рух әлемдері» кітабындағы сызбалар туралы деректі ғаламтордан келесі сілтемелер арқылы алуға болады (тиісті ғаламтор парағы ашылғанда парақтың жоғарғы оң жақ шекесіндегі төмен бағытталған жебеше («стрелка») белгісіне компьютер тінтуірімен («мышка») екі рет басу керек).
https://drive.google.com/file/d/1SAkczBYr9qNTYBKSzuwyOw0wONXZZY3q/view?usp=sharing
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 1 – сызба. АДАМ ҚҰРЫЛЫСЫ.jpg.
https://drive.google.com/file/d/1Fn3Hf1uiaxs2jUjbSsT57kB6o81N9uZx/view?usp=sharing:
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 2 – сызба. АДАМ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕКЕНІ.
https://drive.google.com/file/d/12TUsJIDo7yzFX7NZxEFB5FmsnhcusrEX/view?usp=sharing
НҰР КІТАБЫ. 1 том. 3 – сызба. Қарымта заңы механизмі.
https://docs.google.com/document/d/15BW8BbIHYPI8cze8vdUhFvytptL85fNm/edit?usp=drive_link&ouid=117413663904388843918&rtpof=true&sd=true
НҰР КІТАБЫ. 1 том. IІ қосымша. Ай фазалары.