Ингушетия ғұламалар кеңесі мешіт имамдарының қатысуымен өткен жиналыста есірткі таратқаны үшін сотталған адамдарды діни қауымдастықтардан шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Интерфакс тілшісі.
Аймақ теологтарының ұжымдық шешімін қабылдауға жергілікті жастар арасында есірткіні қолданудың жайсыз статистикасы негіз болып отыр. Қазір Ингушетияда наркологиялық есепте 1,6 мыңға жуық адам тұр, оның ішінде 237-сі диспансерлік және 1359-ы профилактикалық есепте.
Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 39 адамға артқан. Басым көпшілігі 35 жасқа дейінгі жастар.
“Жергілікті қауымдастықтардан шығару дегеніміз, діни қызметкерлер, имамдары енді есірткі сатушылар мен олардың жақын туыстарының үйлеріндегі үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне және басқа да отбасылық оқиғаларға қатыспайды”, деп түсіндірді Ингушетия мүфтиі Иса Хамхоев.
Дін өкілдерімен кездесу барысында республика басшысы Махмұд-Әли Калиматов есірткіге қарсы қызметтегі бірқатар кемшіліктерге тоқталып, оларды шешуде жазалау шараларына қарағанда дін қызметінің маңызы зор екенін айтты.