Сұрақ: Намаз ең үстем құлшылық па?
Жауап: Құранда айтылғандай жердегі және көктегі жаратылыс иелерінің барлығы Аллаға зікір айтады. Оған сәжде қылады. (Исра: 44)
Ғалымдар намаздың басқа құлшылықтардан ерекшелігн айтқан уақытта оны мына аятпен байланысты екенін алға тартады. Құранда күн, ай, жұлдыздар, өсімдіктер және көктегі барлық болмыс Аллаға сәжде қылады. Қанат қағып ұшатын құстың өзі зікір айтады. Демек барлық тіршілік иесі Аллаға дұға қылуды да, зікір айтуды да біледі.
Алайда, біз олардың зікір айтатынын білмейміз деген мағынаны қамтыған аят бар:
«Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар» (Исра: 44)
Тік тұрған таулар қиям халінде, яғни аяқта тұрған кейіпте зікір қылады. Жануарлар үнемі еңкейіп жүргендіктен, рукуғ халінде құлшылық жасайды. Қажетті қорегін тамырлары арқылы алатын өсімдіктер болса, сәждедегі халінде құлшылық қылады екен.
Ал енді адам баласының оқыған намазының сыртқы бейнесі, қиям арқылы таулардың, рукуғ арқылы жануарлардың, сәжде арқылы өсімдіктердің құлшылығын еске салады. Демек, мамандар намаз – барша жаратылыстың құлшылығы мен дұғаларынының көрінісі болғандықтан, оны құлшылық атауының ең үстеміне жатқызған болса керек деген қорытынды жасауға болдаы.
Бүған қоса намаз – дұғаның ең үлкен көрінісі. Өйткені намазда адам Алладан дұға етіп сұрайды. Сол үшін намаз дұға жасаудың ең үлкені деп те айтылады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ