Қайрат – псевдоуағызшылардың улы уағызына иланып, Сириядағы соғысқа аттанғандардың бірі. Содырлар сапында болған ол түрлі қатыгездікті көрді. «Амният», яғни халықаралық террорлық ұйымының ішкі қауіпсіздігі абақтыда азаптаған. Қақтығыс аймағынан қашып, елге экстрадицияланған ол заң аясында жазасын алды.