Нью-Йорктегі Орталық вокзал алдына жүздеген адам наразылық акциясына шығып, Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Наразы топ “Палестинаға еркіндік беріңдер», «Мұны тоқтатыңдар», «Израиль – лаңкес ел» деп ұрандатты. Арасында америка әкімшілігін сынға алғандардың да даусы естіліп жатыр.
Акция өтіп жатқан орынға күшейтілген полиция жасағы тартылды, бірақ олар акцияға араласып жатқан жоқ. Қарсылыққа шыққандардың көбі Палестина туын ұстап, «Палестинадағы геноцидті тоқтатыңдар» деген жазуы бар плакат ұстап келген. Бұған дейін акциядан айырмашылығы, бұл жолы тәртіп сақшылары наразы топты вокзал ғимаратына кіргізген жоқ.