Алматы қаласындағы «Бәйкен» мешітінде Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі, профессор Жабир Таиғ Сұлтан имамдармен кездесті. Кездесуге ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы қатысты.
Профессор Жабир Таиғ Сұлтан «Исламның артықшылығы» тақырыбында насихат айтып: «Ислам бар нәрседен ең үстем дін. Исламды насихаттаушы қызметкерлер осы үстемдікке лайықты болу керек» деді.
Кездесу соңында имамдар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.