- Бір істе қалағандай болмай, сәтсіздікке ұшыраса да «Мұнда да бір Алладан жақсылық бар» деп ісін жақсылыққа жорыған;
- Үміті болмаса да, «Үмітсіздік – шайтаннан» деп үмітін үзбеген;
- Алдынан шыққан кедергілер көп болса да, «Алланың қалауымен жеңеміз» деген адамды Алла ешқашан өкіндірмейді және екі дүние ләззатымен нығыметтендіреді.
Бұл дүние шексіз мұхит сияқты. Әр адам осы мұхитта суға батпай жүзуге тырысқан кеме іспеттес. Кейде мұхит тыныш, мөлдір, сүтті айлақ болып, кеме ыңғайлы жүзеді. Кейде толқындар мен дауылдар болып кеме жан-жағына қарай шайқалып, қисайып, суға батып бара жатқандай күйде болады. Теңіз толқынға және дауылға тап болған мезетте кеменің батып кетуінен қорғайтын шебер капитан қажет. Дәл осы сияқты, бізге бас тартуға және өзімізді босатуға кедергі болатын мораль мен мотивация қажет, әсіресе өмірдің құлдырауында қиындықтармен сыналған жағдайларда. Адамды және сынақ шарттарын жаратқан Алла тағала адамға, осы сынаққа сай күш-қуат берген. Осы күш-қуат көздерін білгендер, дұрыс пайдаланып толқындардың мөлшеріне қарамастан кемелерін осы мұхитта суға батырмай қауіпсіз жүзуіне себепкер бола алады. Бұл күш-қуат көздерін білмейтіндер немесе дұрыс пайдалана алмағандар кемелерін суға батырады немесе кеменің қирап қалуына себеп болады.
Ал ендеше бізді дүниедегі кез келген қатерден қоғап қалатын «күш-қуат» дегеніміз не екен? Бір іс барысында өзіміз қалағандай болмай немесе күтпеген қиыншылықтар мен кедергілерге тап болғанда, сәтсіздікке ұшырағанда, «қарғыс атсын!», «қолымнан келмеді», «мен оңбағырмын», «өлдім, біттім» деудің орнына «Мұнда да бір Алладан жақсылық бар» деп ісін жақсылыққа жору, пенденің сынақ алаңында екенін ұмытпағаны және Алладан жақсылығын сұрау болып табылады. Бұл бірінші «Күш-қуат». Өйткені, біз жаман деп санайтын нәрселер жақсы болуы мүмкін. Болмағаны үшін қайғыратын нәрселер бір күні біз болмағаны үшін алғыс айтатын нәрселерге айналуы да әбден мүмкін.
Бүгін жасай алмаған ісімізде, амалымызда немесе қолымыздан келмеген істе, өте алмаған емтиханды ертең өте жоғары дегенде орындауымызға дайындық болуы да әбден мүмкін. Әрбір сәтсіздікке ұшырағанымыз бізге тәжірибе болады және қайта бұндай қателікке бармауымызды байқаймыз. Алайда пайдалы тұстары да бар екенін ұмыстпайғайсыз. Мысалы: Мекенжайды іздеу кезінде көптеген қате көшелерді енгізуіңіз мүмкін, бірақ бұл сізге қаламен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Құдай тағала бұл жайында бізге былай деп насихат айтады: «Сіз бір нәрсені жаман деп көрсеңіз де, ол сізге жақсы болуы мүмкін. Сіз бір нәрсені жақсы деп көрсеңіз де, ол саған жаман болуы мүмкін. Барлық нәрсені Алла біледі, сіз білмейсің». (Бақара сүресі 216-аят)
Бір істе, бір нәрседе үмітің үзілсе да, «Үмітсіздік шайтаннан» деп үмітіңді қайта жаңалап, жақсылығына үміттеніп, үміт отын өшірмеу керек. Алла Елшісі (с.ғ.с.), Хз. Әбу Бәкірмен бірге Мәдинаға қоныс аударған кезде жолда Сәуір үңгіріне жасырынды. Көпқұдайшылдар үңгірдің аузына дейін келгенде, Хз. Әбу Бәкір пайғамбарымыз үшін алаңдады. Осы сәтте Пайғамбарымыз: «Үмітіңді үзбе, Алла бізбен бірге» деп бұйырды.
Мұса пайғамбар исраилдіктермен бірге Мысырдан қашып шыққанда, Перғауын мен оның әскері оларды теңіз жағасында дейін қуып келіп тұзаққа түсірді. Сондай исраилдіктер: «Ой, жоқ, енді біз құрдымға кеттік, ұсталып қалдық», деді. Мұса не деді? “Ешқашан (олай демеңдер)! Раббым бізбен бірге. Ол бізге бір жол көрсетеді” (Шуғара сүресі, 62-аят).
Алдынан шыққан кедергілер көп болса да «Алланың қалауымен жеңеміз» деп айта білу де ең қуатты күштің бірі. Саны жағынан аз болған мүміндер Раббыларына тәуекел етіп: «Қаншама аз болсақ та, Алланың қалауымен көпшілікті жеңеміз» (Бақара, 249) деп дұшпанын қарай бет алғанда, аз болғанына қараймай Алланың жәрдемімен жеңіске жетіп, олжалы оралды. Асхаби Кәһф қаладан шығып, бір үңгірді паналағанда Раббымыз оларға көмектесіп, ғасырлар өткізіп, қайта тірілтіп, оларға көмектескенін Құран аяттарынан білеміз.
Иә… Бұл өмірде кейде (көбінесе) дауыл мен қиындықтар болады, бірақ кемемізді дұрыс жүзіп, жағаға жету үшін Раббымыздың бізге берген қуат ресурстарынан пайдалануымыз міндет. Раббымыз бізге «иманы қуатты» болуды нәсіп етсін. Бізге қуат көздерін жүзеге асыруды, оларды пайдалануды және өмірдің сынақ дауылы арқылы құтқарылуды, бейбітшілік пен тұрақтылықты нәсіп етсін. Көңілімізді түсіруден, шаршаудан, сатқындықтан, тұрақсыздықтан, тастап кетуден, батып кетуден сақтасын.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Ислам құқық ғылымдарының (PhD) докторы