Қазақстанда Ninеty One тобының концерттеріне тыйым салынып жатқанда Ресейде белгілі орыс әншісі Ольга Бузованың концертін өткізбеу туралы шағымдар түсіп жатыр.
Атап айтқанда, Кубаньнің мұсылмандары мен христиандары Мәдениет министрлігіне Бузованың алда өтетін концерттерін болдырмау туралы шағым жасады. Дін ұстанушылар әртістің сахнадағы жүріс-тұрысынан “шайтани” әрекеттерді көргенін айтады.
Нақты айтқанда, Ольга Бузова Мәскеуде өткен шоуда сахнада Иса пайғамбардың (ғ.с.) анасы – Мәриямға пародия жасаған. Бұл мұсылмандар мен христиандардың наразылығын туғызды.
Айта кетсек, Ольга Бузованың Краснодар өлкесіндегі концерттері осы жылдың тамыз айына жоспарланған.