Алла Тағала Құран Кәрімнің «Нәміл» сүресінде Мұсаға (ғ.с.): «Таяғыңды таста!» – деді. Оның жыланша иреңдегенін көрген сәтте, бұрыла жөнеліп, қайырылып қарамады. «Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды»… (10)
«Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел» (12), – деп бұйырған.
Осы аяттарда Мұсаға (ғ.с.) берілген екі үлкен мүғжизаны көреміз: Мұсаның (ғ.с.) аса таяғы мен аппақ қолы.
Осы жөнінде тәпсір ғалымдары әртүрлі пікір айтады. Солардың бірі – Мұсаның (ғ.с.) аса таяғы – оның зұлымдыққа деген қарсылығын және Алланың анық жәрдемін білдірсе, ал қолының аппақ болуы Мұсаның (ғ.с.) Алла алдында, адам алдында тазалығы.
Бұндай сипат барлық пайғамбарларға тән болған. Ал, адамдар үшін сабақ болатын нәрсе – адамның қолы таза болмайынша, ары таза болмайды. Ал, ары таза болмаса, Алладан жәрдем болмайды және зұлымдыққа қарсы тұра алмайды.
Қуат ҚАБДОЛДА