Ол: Жәбрәил (ғ.с.), Исрафил (ғ.с.), Әзрәил (ғ.с.), Микәил (ғ.с.) періштелер. Бұл періштелердің әрбірінің өздеріне тиісті атқаратын міндеттері бар. Мысалы, Жәбрәил (ғ.с.) Пайғамбарларға уахи (хабар) жеткізеді, Исрафил (ғ.с.) Қиямет басталғанда сүр үрлейді, Әзрәил (ғ.с.) жан алушы періште, Микәил (ғ.с.) жел, жаңбыр т.с.с. табиғат құбылыстарын жүзеге асыратын Аллаһ Тағаланың періштелері.