“Бүгінгі таңда Ресей – барлық ұлт және дін өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан нағыз халифат!” Бұл “Православие және ислам – ғаламдық бейбітшілікке жету жолындағы конфессияаралық диалог” халықаралық конференциясында сөйлеген Ресейдің бас мүфтиі Талғат Таджуддиннің сөзі.
Оның айтуынша, ресейлік мұсылмандар “Ислам мемлекеті” террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) әрекеттерін ешуақытта “Сирияда мұсылмандық халифат орнатып жатыр” деп санаған емес.
“Халифат – адамдар бір-бірімен сыйластықта, бейбіт жағдайда өмір кешетін жер. Ресей бүгінде дәл сондай халифат”, – деді бас мүфти.
Дегенмен, ол елде әлі де шешілуі тиіс проблемалар бар екенін айтты.