Күндердің күнінде бір жігіт жағада серуендеп жүреді. Кенет бір бойжеткен келіп жағада жатқан теңіз жұлдыздарын суға кері лақтыра бастайды. Олар жағада өте көп болатын. Мұны көрген жігіт бойжеткенге жақындап:
– Қарындас, сіз не істеп жатырсыз? – дейді.
– Мына теңіз жұлдыздарын ертерек лақтырмасам, ертең су тартылып бұлар қырылып қала ма деп қорқамын, – дейді бойжеткен ісін жалғастырып. Жігіт:
– Бұлардың барлығын құтқару мүмкін емес. Мына жағада қанша теңіз жұлдызы барын білесіз бе?
– Білемін, алайда менің әрекетім көптеген нәрсені өзгертуі мүмкін, – деген екен бойжеткен.
Түйін: Кімде-кім барлық нәрсеге бірден қол жеткіземін дейтін болса, ол еш уақытта дегеніне жете алмайды. Себебі, өмір ұсақ әрекеттерден тұрады. Нағыз ықыласты адам – ұсақ әрекеттерде белсенділік танытқан адам.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы