Жексенбі, 28 Мамыр, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ елінің Құрбан айт мейрамына дайындығы қалай?

10.08.2019
- Ислам
0
2.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін – Арапа, ертең – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Мұсылмандардың ұлық мерекесі – қазақ халқы сан ғасырдан бері тойлап келе жатқан бірегей мейрам. Ал қазір құрбан айтты мерекелеу өзгеше сипат алды. Осы аптада ҚМДБ-ның аймақтардағы өкілдіктері жергілікті журналистерді жинап, брифинг өткізген-ді.

Қазақ елінің алдағы құрбан айт мерекесіне дайындығы қалай екен? Kazislam.kz тілшісі Қазақстанның әр түкпіріндегі ҚМДБ-ның өкіл имамдарымен тілдесіп көрді.


Арыс қаласындағы «Ысқақ» мешіті. ©muftyat.kz

Арыста мүфтият атынан құрбандық шалынады

Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамбердінің айтуынша, құрбан айт мерекесінде облыс әкімі Арыс қаласына барады деп жоспарланған. Өкіл имам да облыс орталығы Түркістан емес, Арыс қаласында жамағатқа айт намазын оқытып, мүфтият атынан ірі қара малды құрбандыққа шалады. Оның еті Арыс қаласының жағдайы төмен отбасыларына, әсіресе, екі ай бұрын жарылыстан зардап шеккен жандарға таратылмақ.

Оқи отырыңыз: Құрбан айт қарсаңындағы мал бағасы қандай?

Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы тарихи мешіт «Хилует», Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және өзге де мешіттердің алаңында мерекелік, спорттық шаралар, соның ішінде ұлттық ойындар мен қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді.

 21 қазан палау пісіріледі

Ислам қатыгездікке шақыра ма?

Данышпан қожа

24.05.2023
«Алла» деп айтудан асқан бақыт жоқ

«Алла» деп айтудан асқан бақыт жоқ

23.05.2023

Ақтөбенің «Нұр-ғасыр» мешітінің алаңында 6 киіз үй тігіліп, халыққа дастарқан жайылады. Құрбан айттың бірінші күнінде мерекелік шаралардан бөлек, дәстүрлі «Мектеп жол» акциясы басталады. Өкіл имам Төлеби Оспанның сөзіне сүйенсек, 2016 жылға дейін қаладағы мешіттерде құрбандық шалынып келген. Тек соңғы үш-төрт жылда арнайы орындар белгіленді. Мәселен, биыл қала сыртынан берілген 5 орында құрбан айт күндері қасапшылардың жұмысы қыза түспек.

Ал Павлодарда өкіл имам Жолдас Қоспақұлының айтуынша, мерекелік шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағында түскі уақытта басталса, таңертеңгі айт намазынан кейін қаладағы жеті мешіт әрқайсысы үш қазаннан 21 қазан палау пісіріп, халыққа дастарқан жаяды.

Қасапшыларға ерекше жағдай жасалған

©baq.kz

Шығыс Қазақстанда да өзге аймақтардағыдай құрбан айт кезінде қайырымдылық жәрмеңкесі, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұған қоса, айт намазынан соң көп балалы отбасыларға арнайы мерекелік дастарқан жайылмақ. Сонымен бірге, Өскемен қаласының сыртында құрбандық шалу үшін белгіленген орындарда қасапшыларға арнап киіз үй тігіліпті. Ол жерде халықтың малын сойып, қызмет көрсететін қасапшылар тамақтанып, намаздарын оқып, демалады деп жоспарланған.

Тағы оқи отырыңыз: Құрбан айт – қуанышқа жетелейтін мереке
Спорттық ойындарға баса көңіл бөлген өңір – Орталық Қазақстан. Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа жыл сайын айт мейрамдарына өзге ұлт өкілдерінің белсене атсалысатынын айтады. Мәселен, облыс орталығындағы базарларда сауда жасап жүрген қырғыз, өзбек және тәжік ұлтының өкілдері аударыспақтан алдына қара салмайды екен. Сондай-ақ, былтырдан бері садақ ату, найза лақтырудан да сайыс өткізу дәстүрге айналған.

Құрбан айт – ынтымақ мерекесі

Мұсылмандардың екі ұлы мерекесі намазбен басталғаны секілді, екеуінде де ағайын-туыспен, көрші-көлем, дос-жаранмен мерекені бірге өткізу, бір-біріне сыйлық жасау және қамкөңіл жандарға көмектесу ең жақсы істерден саналады. Жағдайы жеткен құрбан шалып, шамасы келгенше құрбан айт күндерін жақсылық жасаумен өткізуі ләзім.


2018 жылғы Құрбан айт мейрамы ©muslim.kz

Адамдарға барлық жағынан үлгі болған әз-Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) те үйінде айлап қазан асылмаған қиын күндері құрбан айтқа дөп келгенде мереке тойлап жүрген балалардың ішінде жабырқаулы жетімнің көңілін көтеріп, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайтынын ісімен көрсетіп кеткен еді.

Қазақ халқы да ежелден құрбан айтқа ерекше мән беріп, Арапа күнінен бастап дастарқанын дәмді тамаққа толтырып, ағайыны мен көршілерін қасына жинаған. Ауыл-ауыл болып тойлау дәстүрі үзілмей, бүгінде қала жағдайында үлкен мешіттердің жанында киіз үй тігіп, мерекені шын көңілмен атап өту игі салтқа айналды. Осы тұста облыс орталықтарында ғана емес, аудан және халқының саны көп ауыл мешіттерінің алаңында киіз үй тігіліп, қазан асылатынын, күштілер қол күресі мен гир көтеруден жарысатынын, апайтөс балуандар күресіп, арқан тартыс та өтетінін еске саламыз. 

Келіп жеткен құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Не арқылы: Ермұрат Назарұлы
Тегтер: АқтөбеАрысЕрмұрат Назарұлықұрбан айтМұсабек АқтамбердіӨмірзақ БекқожаПавлодарТөлеби Оспан
Бөлісу50Твитерге32Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрбан айт – құтты мереке
Жаңалықтар

28 маусым – Құрбан айттың бірінші күні

15.05.2023
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!
Сұхбат

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6621 рет бөліскен
    Бөлісу 2648 Твитерге 1655
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4327 рет бөліскен
    Бөлісу 1729 Твитерге 1081
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1419 рет бөліскен
    Бөлісу 567 Твитерге 355
  • Истиғфар дұғасы дегеніміз не?

    4024 рет бөліскен
    Бөлісу 1608 Твитерге 1005
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1466 рет бөліскен
    Бөлісу 586 Твитерге 367

Соңғы жарияланымдар

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
0
Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Толығырақ оқу

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023
0
Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

Толығырақ оқу

Пранк жасауға бола ма?

26.05.2023
0
Пранк жасауға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00