Сұрақ: Миғраж түнінде Мұхаммед пайғамбарға қандай сыйлық берілді?
Жауап: Абдулла бин Масъудтан жеткен хадисте: «Миғраж түнінде Алла Елшісіне (c.ғ.с.) үш нәрсе берілді: күнде бес уақыт намаз оқу бұйырылды, Бақара сүресінің соңғы екі аяты және үмметінен Аллаға серік қоспағандарға басқа үлкен күнәларына кешірім берілетіні сүйіншіленді» -деп, бұйырылған. (Муслим, Иман, 279).
Миражға көтерілгенде өзіне құзырына келген сүйікті пайғамбарын бос қайтармаған Алла Тағала бір күн үшін елу рет деп белгіленген намаз Хз.Пайғамбардың жалбарынуының арқасында бес уақыт намазға түсірілді.
Алайда, осында әр намаз үшін он намаз уақытын сауабы берілетініне екпін түсіріледі. Бес уақыт намазға разы болу, оның үстінде әрбір намазға он намаздың сауабы берілетінін біліп құлшылық жасау адамды ынталандыратын маңызды оқиға болып табылатыны сөзсіз.
Балғабек Мырзаев
Раббымыз тарапынан пайғамбарымызға берілген үш сыйлық – мұсылмандар үшін баға жетпес құндылық болып табылады.