Сұрақ: Миғраж оқиғасында Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Алла Тағаланың құзырына барғанда Оны көзімен көрген бе?
Жауап: Мұсылман ғұламаларының ортақ ұстанымы бойынша Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мұғжизаға толы Миғраж оқиғасында Алла тағаланы көзімен көрмеген. Оған бірнеше хадистер дәлел бола алады.
Мүслімнің хадис кітабында Әбу Зар деген сахабадан жеткен хадисте былай айтылады: «Уа Алланың Елшісі (с.ғ.с.), Раббыңызды көрдің бе? деп сұрадым, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) «Ол бір нұр, оны мен қалай көре аламын!» – деп, жауап берді».
Сонымен қатар, имам Бұхаридің хадис кітабында Хз. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Кімде-кім Мұхаммед Раббымызды көрді десе, ол жалған сөйлеген болады. Өйткені, “Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол, өте жұмсақ, толық білуші” деген Aнғам сүресінің 103 аятын оқыды” – деп кездеседі.
Балғабек Мырзаев
Жауаптарыңыз үшін көп рахмет, Қазислам ұжымы. Істеріңізге сәттілік тілеймін!
Сізге де көп рахмет, құрметті Әсет. Сұрағыңыз болса, сарапшының бетшесіне жазып отырыңыз, олар жауап береді.