ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі мен шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорның өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Али Анарқұлұлы және мешіт имамдары қатысып, ізгі іс жасады.
Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, 1000 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.
Игі шараға тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасады.