ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры кәсіпкер азаматтардың ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда. Республика бойынша 15 мың балаға көмек көрсетілген. Оқушыларға мектеп киімдері мен сабаққа керек-жарақтары берілді.