Меккедегі Харам мешіті аумағында қажылардың сұрақтарына 11 тілде жауап бере алатын жасанды интеллектпен жарақтанған робот жұмысын бастады. Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің діни істер жөніндегі басқармасының бастамасымен пайда болған робот араб, ағылшын, француз, орыс, парсы, түрік, малай, урду, қытай, бенгал және хауса тілдерінде сөйлей алады.
Ол Меккеге қажылық және умра өтеу үшін келетін қажыларға көмек мақсатында шығарылып отыр. Қажет жағдайда робот ислам ғалымдарымен байланысқа шығып, діни сұрақтардың жауабын ала алады.
4 дөңгелекпен қозғалатын робот алдынан және артынан екі камерамен жабдықталған. Сөйлеген кезде дауысы өте анық әрі түсінікті шығады.