Алдағы күзден бастап Мәскеу медресесі тек орысша емес, сонымен қатар қырғызша да білім беретін болды. Бұл туралы Ресей мұсылмандары діни жиылысының мүфтиі Альбаир Крганов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі күні Мәскеудегі бір медресеге Қырғызстаннан шыққан 700-ден аса адам барып жүр. “Біздің ұйым жанынан Зайнулла Расулев атындағы медресені тіркедік. Қыркүйек айында оқу бағдарламасы іске қосылады, ал қазір дайындық курсы мен тәрбие жұмысы өтіп жатыр. Қырғызстаннан шыққан 700 адам, оның ішінде студенттер медресеге барып жүр, оны жексенбілік мектеп десе де болады. Олар Қырғызстан мүфтияты бекіткен кітаптар бойынша және бізде бар әдебиетпен білім алады”, – деді ол.
Сонымен қатар, ол Ресей ғалымдарының кітаптары қырғыз тіліне, ал Қырғызстандағы кітаптарды орыс тіліне аудару қажеттігін айтты.