Татарстан елінің астанасы Қазан қаласында марихуана қосылған мармелад жасап, оны сатып, қала тұрғындарын улап келген қылмыскер ұсталды. Оның автокөлігін тінту кезінде кішкентай аю бейнесіндегі мармеладтар табылған. Оның құрамында каннабис болғаны анықталып отыр.
Кейін оның үйін тінту барысында өз ауласында есірткі плантациясын ұстағаны белгілі болды. Өзінің айтуынша, “клиенттері” үшін арнайы есірткі мармеладын дайындаған. Қылмыскер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.