25-тамыз күні Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастырумен «Қазіргі әлемдік саяси ахуалға байланысты – Қазақстандағы жаңа діни тенденциялар» тақырыбында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі Жаңаөзен қаласы имамдары мен ұстаздарына семинар өтті.
Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті, ғылым кандидаты, теолог Кеңшілік Тышханұлы мен “Отпан” Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы” қоғамдық қорының төрағасы Азамат Нұғманұлы қатысты.
Дін мамандары қатысқан жиында қазіргі әлемдік діни және саяси ахуал, оның ішінде Қазақстандағы жаңа діни үрдістің пайда болуы, оның қауіптілігі мен мәселені әртүрлі қырынан талдау қажеттілігі түсіндірілді.
Семинарда сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайларға байланысты қоғамда қызу пікірталас тудырған «Талибан», «Диобанд» ұйымдары жайлы жан-жақты талқыланды. Аталмыш ұйымдардыың тарихы, олар жайлы халықаралық қауымдастықтың пікірлері жайлы сөз қозғалды.
Ауғанстандағы билік басына келген «Талибан» болашақта қандай қадамдарды іске асыруы мүмкін және діни ұстанымдары толық шариғатқа негізделеді ме?
Елдегі діни ахуалға тигізер әсері мен зияны қандай болуы мүмкін әлде діни жағдайға ықпалы болмайды ма?
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Кеңшілік Тышханұлы «Талибан» болашақта инклюзив мемлекет құра алады ма, халық билікті мойындайды ма, халық пен билік арасында өзара қарым –қатынас орнай алады ма, яғни легитимация мәселесі жөнінде өз ойларымен бөлісті.