Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы орталық «Әбіш қожа» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты мамандары «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне арнайы зиярат жасады.
Ізгі шара барысында «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы бастаған жастар мекеме тәрбиеленушілеріне қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра туралы қысқаша мәлімет беріп, күй тартып, тәттілер салынған арнайы қоржындар үлестірді.
Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері көңілдерін көтеріп, жан жылулығын сыйлаған дін қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.