Дін насихаты тек мешітте немесе әлеуметтік желіде уағыз айтумен шектелмейді. Ақиқатты жеткізудің жолы көп. Соның бірі – әзіл-ысқақ арқылы халықтың көңіліне жол табу. Елімізге танымал «Өнер қырандары» театры осы жолды таңдады.
Театр жетекшісі Мадияр Серікбаев сахнада орындалатын әрбір қойылымның сценарийі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісілетінін айтады. Дін тақырыбына бет бұрғалы сценарий жазу да жеңілдепті. Өйткені, бұл салада айтылар ой да, шешімін күткен түйткіл де көп.