Көркем мінезді адам кішіпейіл келеді. Кішіпейілділік пендеге Алла тағаладан берілетін ерекше мінез-құлық. Кішіпейілділік – барша пайғамбарлардан мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам жер бетінде Раббысынан қорқып, одан ұялып, әрдайым өзін «көріп тұр ғой» деген оймен ұлыққа да, кішікке де бірдей қарым-қатынас жасайтын жандар.