Сол сәтте бір топ сахаба пайғамбарға (с.ғ.с.) жүгіріп келіп:
– Ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.), мұсылмандар үшін дұға ет. Алла Тағала біздерге көмек жіберіп мына Сақиф тайпасын жермен жексен етейік, – деді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қолын көкке көтерді. Мұны көрген сахабалар өзара:
– Мінекей, Сақиф тайпасының да уақыты жетті. Біз қазір оларды жеңеміз, – деп күбірлеп жатты. Кенет пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп дұға етті:
– Ей, Раббым, Сақиф тайпасына тура жол көрсете гөр!
Мұндай дұғаны күтпеген сахабалар таң қалды. Дұға етіп болып Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларға қарап:
– Мен ешбір адамға қарғыс не лағнет айту үшін жіберілген елші емеспін. Расында, мені Алла Тағала жаратылысқа рахым етіп жіберді, – деген еді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ