«Ихшидилердің» орталығы Дамаск қаласы болды. Мухаммед ибн Туғж Дамаскіні ұстап қалуға бар күшін салды және оны Солтүстік Сириядағы хамданилер мен халифтің «әмір әл-умарасы» (бас қолбасшы) Мұхаммед ибн Ра`иққа қарсы ұтымды қорғана білді.
«Ихшидилердің» Мухаммед ибн Туғждан кейінгі танымал болған билеушісі Кафур әл-Лаби болып саналады. Ол 966-968 жылдары арасында биліктің басында болып, солтүстік африкалық жағалау бойымен қауіп төндіріп келе жатқан Фатимилерді тоқтатып, Солтүстік Сириядағы Хамданилердің әрекетіне тойтарыс берді. Кафурдың әдебиет пен өнердің жомарт қолдаушысы ретінде атағы шықты, оның сарайында танымал ақын әл-Мүтанабби біршама уақыт өмір сүрген.
969 жылы Фатимилер Мысыр мен Сирияны жаулап алып, «Ихшидилер» династиясы өмір сүруін тоқтатты.