Лондонда белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасап кем дегенде екі полиция қызметкері мен тағы бір адамды жарақаттады. Бұл туралы сенбі күні қала полициясы Twitter -дегі парақшасында хабарлады, деп жазады ТАСС.
Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек полицейлер ауруханадан шығарылды, ал жараланған адамды дәрігерлер қарауында, оның өміріне еш қауіп жоқ.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қылмыс орнында ұсталды, тағы екі адам тергеу барысында ұсталды.