Лев Толстойдың 7 жасар Захар Шевцевке жазған хаты:
«Сүйкімді балақай, саған бүгіннен бастап өміріңнің соңына дейін барлық адамдарға: әкеңе, анаңа, бауырларыңа, аула сыпырушыға, өмір жолыңда кезіккен барлық адамдарға бар ынта-ықыласыңмен мейірімді болуға кеңес беремін.
Бұл оңай емес. Бұған жазуға, оқуға, скрипкада, фортепьянода ойнауға үйренгенің сияқты үйренуің керек. Бірақ бұл ғылымдарды үйренесің, сонымен оларды үйрену аяқталады, ол мейірімділікті үйренудің соңы жоқ. Әрі ешқандай ғылымнан қайырымды болудан алған ләззатты ала алмайсың.
Сен мейірімді болған сайын жаның да жадырай түседі, айналаңдағы адамдар да сені тереңірек сүйетін болады. Өтінем, осылай жаса. Әр минутта мейірімді болу керектігіңді есіңнен шығарма».