Әлемде азық-түлік жетіспеушілігінен 815 миллион адам зардап шегіп жүр.
Соңғы баяндамаға сәйкес, Халықаралық азық-түлік саясатын зерттеу институты (IFPRI) жариялаған Жаһандық аштық индексі 119-дан 52 елге «ауыр», «алаңдаушылықты» және «аса ауыр» аштық туралы хабарлайды.
Зерттеулерге сәйкес, Орталық Африка Республикасының халқы саяси тұрақсыздық салдарынан аштықтан зардап шегеді, жағдай өте қиын. Бүгінгі таңда Орталық Африка Республикасы әлемдегі ең кедей елдер қатарына жатады.
БҰҰ деректері бойынша Орталық Африка халқының гуманитарлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 130 миллион доллар қажет.
Азық-түлік жетіспеушілігімен ауыр жағдайға тап болған тағы бір ел – Конго Демократиялық Республикасы. Бұл туралы БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді. Осылайша, Касай ауданындағы зорлық-зомбылық пен қақтығыс салдарынан 2016 жылдың тамызынан бастап азық-түлік жетіспеушілігінен 3,8 миллион адам зардап шекті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) мәліметтері бойынша, Касай ауданында 770 мыңнан астам бала тойып тамақтанбаған, ал олардың 400 000-ы аштықтың алдында тұр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы әлем қауымдастығын 26 мемлекеттегі аштықтағы адамдарға 1 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетуге шақырды.
Ұйымның мақсаты – филантроптардың көмегі арқылы табысы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты 30 миллион адамға қолдау көрсету. Мұндай аймақтардағы азық-түлік жағдайын жақсарту үшін жергілікті өндірісті қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізіледі.