“Халал Даму” мамандарының “Lavash Food” тамақтану орындарында жүргізген кезекті тексерісі барысында, халал стандарты талаптарына сәйкес келмейтін өнім түрлері анықталып, келісімшарттың 4.3 тармағы бұзылды. Өндірушіге бірнеше ескерту берілсе де, түзету шаралары орындалмай, келісімшарттың 2.1 тармағына сәйкес, “QMDB HALAL” сертификаты қайтарылып алынғандығын хабарлаймыз” делінген “Халал Даму” таратқан мәліметте.