Мешіттің атауы айтып тұрғандай Кағбаға қарап намаз оқуға иләһи әмір түспей жатып салынған мешіт болып табылады.
Оқиғаны Муслим кітабында былай баяндайды, Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Харам мешіті» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес[1]», аяты уахи етіледі. Бұған дейін құбыла Ақса мешіті еді. Харам мешітіне бет бұрып намаз оқу әмірі түскен соң, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мадина төңірегіндегі ауыл-аймаққа хабаршы жіберіп құлағдар етеді. Бәну Сәләмаға хабар жеткенде олар таң намазын оқып жатқан. Тіпті, бір ракағатын оқып та қойған. Рукухте тұрып, Құран әмірін естіген жамағат сол қалпында Харам мешіті жаққа бұрылады. Осы күннен бастап бұл мешіт қос құбылалы мешіт аталып кетті.
Бүгінде Пайғамбарды (с.ғ.с.) зиярат етіп барған қажылар Қос құбылалы мешітке ат басын тіреп, екі бас намаз оқып шығуды әдетке айналдырған. Көне мирхаб орны мешіт қақпаларының біріне айналған. Ал, сол қақпаның төбесіндегі шағып мирхаб бейнесі қос құбыланың бірінің белгісі боп тұр.
Қос құбылалы мешіт Ақиқ ойпатына жақын маңдағы төбеде орналасқан. Пайғамбар мешітінен 5 шақырым қашықтықта солтүстік-батыс тарапта.
KazIslam.kz