«… Сол кезде Ибраһим мен ұлы Исмаил үйдің (Қағбаның) іргетасын көтерді. Исмаил тас әкеліп, ал Ибраһим оны бірінің үстіне бірін қалап тұрды. Құрылыс биік болған кезде осы тасты алып келіп, Ибраһим (ғ.с.) оның үстіне шығып тұрды. Ол құрылысын жасап, Исмаил тас алып беріп жатты. Екеуі: «Раббымыз, бізден қабыл ет! Ақиқатында, Сен – барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің, – деді…[2]».

Ибраһим мақамы – Ислам рәміздерінің бірі. Құран Кәрімде: «Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған – Бәккедегі[3] үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол. Онда анық белгілер – Ибраһимнің мақамы (орны) бар…[4]», – делінген.

Алла Тағала осы мақам жанында тұрып намаз оқуды әмір етіп: «Біз Үйді (Кағбаны) адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын (мақамын) намаз оқитын жер етіп алыңдар…[5]»,-деген.

Сахаба Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қажылығын баяндай келе: «Біз пайғамбармен (с.ғ.с.) үйге (Кағбаға) келдік. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұрышты ұстап, (Кағбаны) үш рет жылдам және төрт рет жай тауаф етіп шықты. Сосын Ибраһим мақамына келіп, «…Ибраһимнің тұрған орнын (мақамын) намаз оқитын жер етіп алыңдар…» деген аятты оқып, оның қалқасында, яғни Қағбаға бет бұрып Ибраһим мақамы алдында тұрып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі рәкағат «қул хуа Аллаһу Ахад» және «қул я әюхал кафирунмен» намаз оқыды…[6]»,-дейді.

Түйіндей айтсақ, үлкен немесе кіші қажылық етуші, мүмкіндік болса, Қағбаны тауап етіп болған соң Ибраһим мақамы деңгейінде тұрып екі ракағат оқу сүннет. Ал, тауаф етушілерге кедергісі тиетін болса, кез келген жерде тұрып екі ракағат оқуға болады.

KazIslam.kz

 



[1] Халил Алла – Алланың досы. Ибраһим (ғ.с.) қосалқы есімі

[2] Бұхари

[3] Бәкке – Мекке қаласының атауларының бірі

[4] Әли Имран, 96-97 аяттар

[5] Бақара сүресі, 125-аят

[6] Муслим

Пікір жазу