Тіл тұрғысынан ынтымақтасу процессін жетелдету және түркі мемлекеттерін ортақ әліпбиге көшіру мақсатында “Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссия” құрылды, деп хабарлайды Kazislam порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Мұндай комиссия құру туралы шешім Түркияның Бурса қаласында өткен және Тіл күнінің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі семинарда» Түркі мемлекеттерінің ұйымының (ТМҰ) қарауына ұсынылды.
Іс-шарада түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елдерінде болған әліпби ауыстыру деректері мен қазіргі әліпбилерінің жай-күйі туралы айтып, ортақ әліпбиге көшу процессін жеделдетудің және түркі мемлекеттерін оған кешірудің маңызын атап өтті.
Семинарда Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан «Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссия» құру туралы шешім қабылданды.
Комиссияға түркі мемлекеттерінің тіл саясатымен айналысатын ресми құрылымдарынан екі адамнан енеді. Олар ТМҰ Ақсақалдар кеңесіне ортақ әліпби туралы баяндама жасауы тиіс.
Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы Қырғызстанда өтпек.
Фото: Анадолы агенттігі