Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Уәкілетті Елшісі Анри Вантигеммен кездесу өткізді.
Тараптар діни сенім бостандығы, конфессияаралық келісім, сондай-ақ діни экстремизмнің, соның ішінде интернет кеңестігіндегі діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары аясында соғыс аймағынан еліміздің азаматтарын қайтару бойынша Қазақстанның оң тәжірібиесі, сондай-ақ, елге оралғандарды оңалту және әлеуметтену мәселелері айтылды.
Өз кезегінде Қазақстандағы Бельгия Елшісі Анри Вантигем Қазақстан Республикасының халқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалап, өткен кездесу үшін алғыс білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі